- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада гуманитарлық ғылымдардың «Ұлы дала» форумы өтті
Астанада гуманитарлық ғылымдардың «Ұлы дала» форумы өтті
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова шараның ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушылар мен меймандарға арнаған құттықтау сөзін оқып берді. Қазақстан Президенті бұл форумның құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интеграцияға тың серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірген.
Ресей, АҚШ, Қытай, Венгрия, Германия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, сондай-ақ түркі тілдес елдерден келген 300-ге жуық ғалым және сарапшылар 6 панельді отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген міндеттер төңірегінде пайымды пікірлер білдіріп, баяндамалар жасады.
Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру жолында», «Ғылым киесі: ғылыми интеграция және ортақ құндылықтар», «Тарихи жады және болашаққа көзқарас», «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең», «Түркі тілдері: зерттеу, қорғау және дәріптеу», «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасы» атты алты секцияда қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі, киелі жерлер мен қастерлі мекендерге арналған «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы, ғылымды дамыту проблемалары сияқты жайттар жан-жақты талқыланды.
Форум аясында Мемлекеттік хатшы Түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбековті, сондай-ақ биыл 90 жасқа толған танымал ғалым, Татарстан Республикасының қоғам қайраткері, академик Мирфатых Закиевті халықаралық Түркі академиясының алтын медалімен марапаттады.
Сондай-ақ, форум жұмысы барысында соңғы жылдары Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
Форумның салтанатты ашылу рәсіміне БҰҰ, ЮНЕСКО, сондай-ақ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Ғылым қоры (ECO Science Foundation), Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сияқты халықаралық ұйымдар басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекті ғалымдар, дипломаттар қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті