- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР елшісі Лихтенштейннің мұрагер ханзадасына сенім грамотасын тапсырды
ҚР елшісі Лихтенштейннің мұрагер ханзадасына сенім грамотасын тапсырды
Княздіктің сарайында өткен ресми кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан ары дамыту және келісілген-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады. Айта кетер болсақ, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 10 жыл толғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Ж. Айтжанова Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысы, «Астана» қаржы орталығын құру, Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру шаралары мен мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа енгеннен кейін шетелдік компаниялардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді. Мұрагер ханзада «Бір белбеу, біп жол» жобасын жүзеге асыру аясындағы Қазақстанның транзиттік-көліктік мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты.
Дәл сол күні елші Лихтенштейннің сыртқы істер министрі Аурелие Фрикпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы салаларындағы екі елдің ынтымақтастығын тереңдетудің нақты шешімдері мен жолдарын қарастырды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар келісілген-құқықтық базаны кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру және Лихтенштейн компанияларын қазақстандық нарыққа тарту бойынша келісімге қол жеткізді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды