- Басты
- Жаңалықтар
- Грекияның Бас прокуроры қазақстандық әріптестерінің жұмысымен танысты
Грекияның Бас прокуроры қазақстандық әріптестерінің жұмысымен танысты
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар екі елдің құқықтық тәртіп органдары үшін кадрларды даярлау, қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
Наиль Ахметзакиров шетелдік әріптестерін Академияның еліміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысымен, ғылыми зерттеулерімен, инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктерімен, соның ішінде Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хабтың жұмысымен таныстырып өтті.
Өз кезегінде Грецияның Бас Прокуроры өзін жылы қабылдағаны үшін және ынтымақтастық мәселесін кеңінен талқылау мүмкіндігі болғанына ризашылығын білдірді.
Грек прокуратурасының басшысы бүгінгі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайтынын атап өтіп, өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ғылыми-білім беру саласын өткір өңірлік проблемаларды шешу құралы ретінде пайдалануға Академияның қосқан үлесін ерекше атап айтты.
Грек делегациясы білім беру процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік құралдарымен, Академияның ғылыми қорымен танысты.
Сапар аясында Грек Республикасының Бас Прокуроры прокуратура органдары және өзге де құқық қорғау құрылымдары үшін ювеналды әділеттің дамуының өзекті мәселелері бойынша дәріс оқыды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Грекияның құзыретті органдарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді