- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығуы керек – сарапшы
Қазақстан жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығуы керек – сарапшы
ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) қазақстандық сарапшылар қауымдастығының өкілдері пікір алмасты.
Шараға қатысушылар Қазақстандағы Төртінші өндірістік революцияның келешегін, институционалды өзгерістерді, экономиканың технологиялық модернизациясы, сонымен бірге, кәсіпкерлік пен адами капиталдың дамыту мәселелерін талқылады.
«Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекелестігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құрастыруды тапсырған болатын. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан екі бірдей жаңғыру кезеңінен өтті – бұл еліміздің саяси және экономикалық өркендеуінің негізі қаланған кезең еді. Біз әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кірдік. Жаңғыру 3.0 – бұл Қазақстанның жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығу жолы», - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жанындағы ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.
Оның сөзінше, экономиканы жан-жақты цифрландыру мен Төртінші өндірістік революция экономикалық және әлеуметтік дамудағы жылдамдатылған технологиялық модернизацияның негізгі шарты болып табылады.
Айта кетейік, ӘЭСИ пікірталас алаңы Ұлт Көшбасшысының стратегиялық бастамаларын насихаттау аясында жұмыс істеп келеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді