- Басты
- Жаңалықтар
- AMM-2017 (ФОТОРЕПОРТАЖ)
AMM-2017 (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АММ 2017 көрмесі – тау-кен-металлургиялық компаниялар үшін инновациялық әзірлемелер мен алдыңғы қатарлы технологияларды әзірлеу алаңы.


Көрмені аша отырып, инвестициялар және даму вице-министрі Алик Айдарбаев аталмыш Конгресті өткізу Қазақстан үшін дәстүрге айналғандығын атап өтті.
«Бұл дәстүрді Елбсы бастаған болатын. 2010 жылы алғашқы Конгресс ұйымдастырылды, оны Президент ашқан болатын. Аталмыш ірі Конгрестің Қазақстанда өтуі бекерден емес. Себебі, тау-кен-металлургиялық кешен әлемдік экономикада ерекше орын алып отыр», - деді А.Айдарбаев.
Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау көрменің ашылу салтанатында Конгрестің маңызды бағыты алдыңғы қатарлы технологияларды таныстыру болып табылады.
«Көрмесіз конгресті өткізудің мәні жоқ. Себебі, жыл сайын жаңа компанияларды өздерінің үздік технологияларын паш ету мақсатымен шақырамыз. Бұл алаңда отандық компаниялар өз жетістіктерін көрсетеді», - деді А.Рау.


Әлемдік сарапшылар 2018-2019 жылдары дағдарыстан шығуды, ТКМК саласында бағалардың көтерілуін болжауда.


Көптеген компаниялардың бағдарламалары шығынды азайтуға және қолдағы активтердің тиімділігін арттыруа бағытталған. «АММ-2017» Форумы геологиялық барлау, так-кен ісі және металлургия салаларына қатысты мәселелерге назар аудара отырып, тау-кен металлургия кешенін дамыту стратегиясын талқылауды ұсынады.

Құрылымында 4 негізгі сессия белгіленетін AMM 2017 Форумының бағдарламасында мынадай тақырыптар талқыланады: ТКМК саласында өндірісті арттыру және өнімдердің жаңа түрлерін дамыту, геологиялық барлау саласында озық инновациялардың тапшылығынан арылу жолдары, жер қойнауы туралы кодекс, геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту, энергетикалық ресурстар, ТКМК саласындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өңдеу және байыту технологиялары, инновациялық технологиялар мен ТКМК саласындағы әлемдік тәжірибе, сондай-ақ метал және капитал нарықтарын тұрақтандыру.
Айта кетейік, 2018 жылы Астанада АММ конгресі базасында Дүниежүзілік Тау Конгресі өтеді, оны өткізу эстафетасын 2016 жылдың қазанында Қазақстанға Бразилия тапсырған болатын.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Шыңғыс Қаппаров
-
Третьяков галереясы Астанада: 50 үздік жауһар (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
KADEX – 2018: Елдің қорғаныс әлеуеті қандай (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
«Еуразияның жеті пердесі»: тылсымға жетелейтін көрме (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Мемлекеттік қызметкерлердің балаларына арналған балабақша оқыту мен дамытуда жаңа тәсілдерді қолданады (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Нью-Йоркте «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» фотокөрмесі өтеді (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Қазақстан өңірлері Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 50 домбырашы күй тартты (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Астанада алғаш рет «Денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Астанадағы көрмеде қазіргі заманғы технологиялар мен техникалар таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Астанада Халықаралық білім көрмесі өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Астанада «Ғарыштық белгілер» көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Депутаттар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы проблемаларды атады (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Инновация күні: Цифрлық «Жібек жолын» зерттеу (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Астанада тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік симпозиумы өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
«Нұр Әлем» павильоны қайта ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)