- Басты
- Жаңалықтар
- Джурахон Маджидзода: Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мақсатында терроризммен белсенді күресуде
Джурахон Маджидзода: Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мақсатында терроризммен белсенді күресуде
2016-2020 жылдарға раналған Тәжікстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы ұлттық стратегиясы Тәжікстан Республикасының аталмыш саладағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын бағдарламалық құжат.
«Бүгінде трансұлттық және ұйымдастырылған қылмыс қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіретін негізгі факторға айналды. Террористік ұйымдар қоғамда діни алауыздықты тарата отырып, мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылымын терроризм арқылы өзгерткісі келеді. Тәжікстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында терроризммен күресуде. Тәжікстан геосаяси және геоэкономикалық жағдайына байланысты әліде халықаралық терроризмнің объектісі болып отыр. Осы тұрғыда көршілес Ауғанстан мемлекетіндегі ахуал үлкен қауіп төндіруде. Сондықтанда, Тәжікстан Республикасы аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмыла күш жұмсауды белсенді қолдап келеді және халықаралық терроризммен күресетін көптеген мемлекеттердің коалициясына қатысуда», - деп атап өтті Джурахон Маджидзода.
Осы ретте, Маджилистің комитет төрағасының пайымынша, заманауи халықаралық терроризммен күрес жолында заңнамалық деңгейде жаңа әдістер мен тәсілдерді қарастыру керек. Халықаралық террористік қауіптермен күресте әлеуметтік экономикалық және мәдени ақпараттық шаралардың кең ауқымын пайдаланған жөн.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды