- Басты
- ЭКСПО-2017 аясында халықаралық жолаушылар форумы өтеді
ЭКСПО-2017 аясында халықаралық жолаушылар форумы өтеді

Форумға Әзірбайжан, Армения, Белорус, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктері шақырылды. Жолаушылар форумы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізіледі.
«РТЖ» ААҚ бірінші вице-президенті Анатолий Краснощек ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстан үшін ғана емес, Достастық елдері үшін де маңызының зор екендігін атап өтті.
«Біз бұл шараға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Көрме тақырыбы айрықша маңызды – «жасыл технология» барлық жерде өндіріске енгізілуде. Теміржол инфрақұрылымында экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен жақсарту өте маңызды»,-дейді А. Краснощек.
«Грузия темір жолы» АҚ Бас директоры Мамука Бахтадзенің айтуынша, «қоғам оның ішінде әсіресе, бизнес қауымдастығы теміржол саласының «жасыл экономиканы» ұстанатындығын білуі тиіс. Мәселен, автокөлік саласында ауаға лас заттарды шығару 73 пайызды құраса, теміржолда небәрі 2,5 пайыз ғана. ЭКСПО халықаралық көрмесі секілді шараны өндіріске экологиялық қауіпсіз технологияны енгізудің маңыздылығын көрсетеді».
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тарихи оқиға. Әлемдегі маңызды шаралардың қатарынан саналады. Оның Қазақстанда өткізілетін етіп таңдалуы – үлкен абырой. Үлкен абырой ғана емес, аса жауапкершілігі мол шара. Сондықтан барша қазақстандықтармен қатар біз теміржолшылар да міндетті түрде мемлекеттік жүйенің қадамын құптап, қолдауы тиіс. Осыған орай теміржолшылар жолаушылар форумын өткізуді жоспарлап отыр»,-дейді М. Бахтадзе.
Иран теміржолының вице-президенті Хусейін Ашури халықаралық көрменің өткізілуі теміржолшылардың, компаниялардың, елдердің ынтымақтастығының кепілі екендігін айтады. Иран тарабы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға мүдделі болып отыр.
«Теміржол көлігі қоршаған ортаны ластау, жанар-жағармай отынын жағу көрсеткіші жөнінен де төмен. Соңғы жылдары Иран үкіметі бұл саланы жасыл экономикаға көшіру мақсатында біраз іс тындырды. Парламент теміржол көлігі саласын жасыл технологияға көшіру үшін мемлекеттік бюджеттен жылына бір пайыз төлеп тұрады»,-дейді Х. Ашури.
Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесі Дирекциясының төрағасы Петр Кучеренконың пайымдауынша, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне осы саладағы ең озық технологиялар ұсынылады.
«Қазақстан халықаралық көрмеге тыңғылықты дайындалуда. Біз осы көрмеден көлік саласына қатысты әрі басқа да салалар бойынша тәжірибе алмасатын боламыз. Көрмемен танысып қана қоймай, халықаралық теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың өзекті жайлары бойынша да ақпарат алмасатын боламыз»,-дейді П. Кучеренко.
Атап өтерлігі, Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесінің 2015 жылғы қарашада Ташкентте қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Келісімі жасалды. Соған орай, теміржол көлігі саласындағы экологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталық құрылды.
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді

