- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамту саласын қаржыландыру бес есеге артады – Б.Байбек
Жұмыспен қамту саласын қаржыландыру бес есеге артады – Б.Байбек
Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Алматы экономикасы үшін жастардың драйвер әрі ірі мегаполис ретінде мұнда жастарды жұмыспен қамтудың актуальді екендігін айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 2017 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біз «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасын» жасадық. Құжатта жастар үшін жүзеге асатын кешенді шаралар жинақталған. Жол картасы жастар арасында кеңінен талқыланды, Қоғамдық кеңестің қолдауына ие болып, қала мәслихатында бекітілді. Жол картасының басты мақсаты- мегаполис жағдайында қаладағы әрбір жастың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, жан- жақты дамуына барлық жағдайды жасау. Біз жастар ісіне бизнесті, оқу орындарын тарта отырып, жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құратын боламыз. Соныдқтан, биыл жұмыспен қамту саласын қаржыландыруды бес есе арттырып, 5 млрд. теңге бөлдік», - деді Б.Байбек.
Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар- сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы.
Жол картасын жүзеге асыру үшін 7,2 млрд. теңге бөлінеді.
Жәрмеңке барысында жастарға түйндемені жасауды, жұмыс берушіге ұнауды, жеке ерекшеліктерін көрсете білуді үйреткен тренингтер өтті. Осыған ұқсас пайдалы шаралар Орталық мешітте де ұйымдастырылған болатын. Таяу арада қала базарларында жұмыспен қамтудың 54 жедел пункттері ашылады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді