- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл сайынғы Ambassadors Café өтуде
Астанада жыл сайынғы Ambassadors Café өтуде
Іс-шара жыл сайын өскелең ұрпаққа еуропалық құндылықтарды таныстыру және ЕО мен ЕО мүше мемлекеттердің ашықтығы мен қол жеткізімдігін көрсету мақсатымен ұйымдастырылады.
Ambassadors Café - бұл ерекше ақпараттық алаң, онда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен қарапайым жағдайда кездесу өткізеді.
Осы жылы Ambassadors Café қатысу мүмкіндігін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен жас оқытушылар, бизнес, аналитикалық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар салаларында жұмыс істейтін жетікті жастар арасынан 50-ден астам адам шақырылды.
Іс-шараға ҚР ЕО Өкілдігі Басшысы, Елші Траян Христеа, Чех Республикасының Елшісі Элишка Жигова, Латвия Елшісі Юрис Погребнякс, Испания Елшісі Педро Хосе Санс, Венгрия Елшісі Андраш Барани, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коп, Португалияның Уақытша сенімді өкілі Аделино Виера да Кунха да Сильва, Финляндия Елшісі Илкка Райсанен, Литва Елшісі Витаутас Наудужас, Бельгия Елшісі Мишель Петерманс, Австрия Елшісі Герхард Саллер және Италия Елшісі Стефано Раваньян қатысады.
Ambassadors Café шеңберінде қатысушылар Қазақстандағы ЕО жобаларының практикалық қорытындылары, ЕО және Орталық Азия қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық серпіні, және ЕО мен Қазақстан арасындағы жасыл экономика, сауда, инвестиция, энергетика, заң ұлықтылығы, мемлекеттік басқару және білім салаларындағы бағдарламалар тақырыптарын талқылайды.
Салтанат Сұрағанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды