- Басты
- Жаңалықтар
- ДДА-ның 70-сессиясында ҚР-дағы қоғамдық денсаулық сақтау қызметі туралы баяндалды
ДДА-ның 70-сессиясында ҚР-дағы қоғамдық денсаулық сақтау қызметі туралы баяндалды
«Таяуда Қазақстан үкіметі ҚДСҚ-нің моделін мақұлдады, ол оның институционалдық дамуына және медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен бірігуіне мүмкіндік береді. Қабылданған модель шеңберінде Қазақстан ДДСҰ белгілеген барлық 10 негізгі оперативтік функцияларын жүзеге асыру үшін міндеттеме алады», - деді министр.
Ол ҚДСҚ-нің негізгі функциялары адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыруға және адамдарға сау болып қалу үшін көмектесуге бағытталған ақпараттандыру болып табылатынын атап өтті. «Интернеттің арқасында бүгін адамдар өз денсаулығы туралы хабардар және сау болып қалу үшін үйрене алады. Адамдардың сау болуы үшін біз барлық заманауи және нновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануымыз керек», - деді Елжан Біртанов.
Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау аясында жаңа нарықтарды қалыптастыру мақсатында мемлекеттік және жеке сектор арасындағы серіктестік дамуда.
Елімізде іске асырылып жатқан денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары ауруларды емдеу және алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді және ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны туралы хабардар етті. Осыған орай, халық денсаулығының, мысалы, күтілетін ана, нәресте, баланың өмір сүру ұзақтығы және жалпы өлім-жітімнің статистикалық көрсеткіштерінің дәйекті жақсаруы байқалады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуде біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға ерекше назар аударамыз, олар: жаңа ақпаратты медициналық практикаға енгізу және коммуникациялық технологияларды қолдану. Біз ақпараттық технологиялардың рөлінің өсуін танылсын деп ғана емес, сондай-ақ оларды салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді және кеңінен пайдалану, қашықтан мониторинг және созылмалы ауруларды емдеу үшін қолдануымыз қажет, ол өз кезегінде медициналық қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді»- деп атап өтті қазақстандық делегация басшысы.
«Ғаламдық экономикалық, саяси және медициналық мәселелер әлемдегі елдер мен өңірлер арасындағы шекараны жояды. Біздің елдермен орнатылған тиімді әріптестік ортақ мақсатымызға жету жолында күшімізді арттыруға мүмкіндік береді»,- деді министр.
Өз баяндамасының соңында Елжан Біртанов өзінің әріптестерін 2018 жылғы қазанда Алматы қаласында БҰҰ балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен өтетін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференцияның жұмысына қатысуға шақырды.
«Біз сонымен бірге, Қазақстанда маусым айында өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне шақырамыз. Өңірлік және ғаламдық деңгейде ДДСҰ -мен және өзге де серіктестермен әріптестік қатынастар нығаятындығына сенімдіміз. Біз денсаулық саласын инвестициялау көлемін арттырамыз және болашақ ұрпақтың денінің саулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасаймыз деген ниеттеміз», - деді өз баяндамасында Елжан Біртанов.Конференцияда МСАК және ақпараттық технологиялық мәселелері талқыланатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 22 мамырда Женева (Швейцария) қаласында алыс шетел және жақын мемлекеттердің министрлерінің қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының жетпісінші сессиясы өтуде.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек