Астанада су таксиі іске қосылады

25 Мамыр, 2017 15:34
Астанада өзендегі такси қызметін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» (судоходный Есиль) жобасы әзірленді.

«Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ», - деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.

Барлық жаңалықтар