- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Атамекен» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Атамекен» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды
Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдерін сарапшылар мен кеңесшілер ретінде жобалық топтардың жұмысына, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларға қоғамдық мониторингке белсене қатысуға шақырды.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдері үш негізгі жобадан: «Азаматтық бастамалар картасы», «Азаматтық бақылау», «Жомарт жүрек» тұратын ішкі бағдарламаны іске асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдемелерін қарастырды.
«Азаматтық бастамалар картасы» негізгі жобасының басты міндеті өңірлердің көкейкесті қажеттіліктерін анықтау, азаматтық бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ мемлекетті, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді өңірлік жобаларды жүзеге аыру мен қолдауға тарту болып табылады.
«Азаматтық бақылау» жобасының мақсаты – айрықша өткір әлеуметтік маңызы бар мәселелрді жедел шешу, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін азаматтардың бағалау механизмін құру.
«Жомарт жүрек» негізгі жобасын іске асыру тұрғындарды кіші отанды дамытуға қатысуына ынталандыруға бағытталған.
Талқылау барысында кездесу қатысушылары жобаларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстар беріп мен тұжырымдамалық тәсілдемелерге ескертулер айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар