- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да кетчуп пен томат сусындары шығарылады
ОҚО-да кетчуп пен томат сусындары шығарылады
«Ал 2017-2019 жылдары индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем шығаратын кіші зауыт құрылысы. Жалпы құны 132 млн. теңге. Екінші жоба жалпы құны 40 млн. теңге болатын түйе сүтін (шұбат) пластикалық ыдысқа құятын цехы. Ал үшінші «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қосымша томат концентратынан дайын өнімдер, кетчуп, томат сусындарын шығаратын цехты іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 70 млн. теңге. Осының нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады»,-деді әкім.
Жаңа индустрияландыруды өркендету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған әкім 2015-2017 жылдары Арыс қаласы бойынша индустриаландыру бағдарламасы аясында 5 жоба мақұлданғанын жеткізді. Яғни осы жылдар ішінде жалпы құны 51,6 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орны құрылған.
Сонымен қоса, биылғы жылы қалада құны 376 млн. теңгені құрайтын газабетон блоктарын шығаратын кіші зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады.
Айта кетейік, Ақдала ауылдық округінде орналасқан «Агрофирма «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылы тамшылатып суғару әдісімен 300 га жерге қызанақ егіп, 9 мың тонна қызанақ алған. Жиналған өнімнен 975 тонна концентрат томат пастасы шығарылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері