• Басты
  • Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды
24 Желтоқсан, 2013 09:16

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды

Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды

«Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және екі ел қорғаныс-өнеркәсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Екі ел қорғаныс ведомстовларының басшылары 2013 жылғы бірлескен жұмыстарды қорытындылай келе Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жеткізілгенін атап өтті.

Екі ел арасындағы қару-жарақ саласындағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғни, 140 млн. АҚШ долларына жетіп отыр.

Ағымдағы жылғы қызметтің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, екі ел әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен аймақтық жүйесін одан әрі дамыту туралы шешімнің қабылдануын, сондай-ақ Қазақстанның сынақ полигондарын Ресей жағына жалға беру, Ресей шығарған әскери техникаларды сатып алуды атап өтуге болады.

Қорғаныс министрлерінің мәлімдеуінше, кездесуде келісімдерді іске асыру Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қарулы күштерін нығайтуға қызмет етеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды