- Басты
- Жаңалықтар
- МӘМС жүйесінде төлемдер қалай жүргізіледі?
МӘМС жүйесінде төлемдер қалай жүргізіледі?
«Бүгінде «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ҚР «Ұлттық банкі» төлемдерді 1 шілдеден бастау үшін жұмыстар жүргізді. Осы аптадан бастап мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін жүргізу үшін есеп шот нөмерін тарата бастайды», - деді З. Оразалиева.
Қордың ақпараты бойынша, төлеуші төлемді екінші деңгейлі банк немесе Қазпошта арқылы жүргізеді. Мәліметтер Азаматтар үшін үкімет порталы арқылы өңделеді, онда соманың дұрыстығы, ЖСН мен алушының барлық реквизиттары керек.
«Егер барлық ақпараттар дұрыс болса қаржы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есеп шотына түсетін болады. Сонымен қатар, бұл мәліметтердің барлығы салық органдарына жіберіледі. Егер сіз берген мәлімет дұрыс болмаса, яғни адамның есімі немесе фамилясы дұрыс жазылмаса төлем банктегі сіздің есеп шотыңызға қайта қайтарылады. Жалпы, біз жұмыс берушілер мен кәсіпкрелерді төлемдерді аудару барысында барынша мұқият болуларын сұраймыз, сонда түсініспеушіліктер орын алмайтын болады», - деп атап өтті ол.
Төлемдер қабылданғаннан кейін жұмыс беруші мен жұмысшы да сақтандырылған деп есептелінетін болады.
«МӘМС жүйесіндегі сақтандыруды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға болады. Ол кезде қорда жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерден төлемдер және республикалық бюджеттен жеңілдігі бар азаматтар үшін трансферттер аударылады», - деп толықтырды Забира Оразалиева.
Айта кетерлік жайт, жұмыс берушілер үшін максималды төлем көлемі 5%-дан 3%-ға дейін, жеке кәсіпкрелер үшін 7%-дан 5%-ға төмендетілді. Сонымен қатар, төлеушілердің барлығына алғашқы кездегі үстемақы төмендетілді.
1 шілдеден бастап жұмыс берушілер жұмысшылар үшін жалақының 1% көлемінде төлем жүргізетін болады және ол кем дегенде ең аз 15 жалақының көлемінде болуы шарт. Жеке кәсіпкерлер, қорғаушылар, жеке нотариустер 1 шілдеден бастап төлем жүргізе бастайды.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр