- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда театрлардың көптеген жаһандық және маңызды мәселелері шешілуде – министр
Қазақстанда театрлардың көптеген жаһандық және маңызды мәселелері шешілуде – министр
«Мәдениетті сақтаудың алдыңғы қатарлы негізі мәдениетті сақтау мен дамытуға жағдай жасайтын ұлттық заңшығарушы базасы болып табылады», - деп пікірін білдірді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында Елбасы жаңа типтегі жаңғырудың бірінші шарты ретінде ұлттық мәдениет пен төл ұлттық кодын сақтауды айтып өтті. Бүгінгі күннің талаптары мен болмыс жағдайына сәйкес мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру – мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жемісті жүзеге асырудың кепілі», - деді өз сөзінде министр.
Жаңа заң жобасын жасау бойынша жұмысқа бастама салған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары болатын. Жемісті бірлескен жұмыстың нәтижесінде үстіміздегі жылдың 5 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Құжатта театр өнері, музей және баспа ісі, Қазақстан республикасы Кітап палатасының қызметі және т.б. салалардағы өзекті проблемаларды шешу көзделген.
Бұл Заң аясында театрлардың көптеген жаһандық және маңызды мәселелері қарастырылған. Мәселен, заңшығарушылық деңгейде алғаш рет театр алдында қойылған міндеттер айқындалып, театралды қойылым, режиссер-қоюшы, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші секілді түсініктерге анықтама берілген. Одан басқа, жаңа заңнама мемлекеттік театрлардың қызметімен байланысты салық төлеу проблемаларын шешу көздейді.
Қолданыстағы заңнамаға ауылдық жерлерде клуб, кітапханалардың жабылу жағдайларын реттейтін толықтырулардың маңызы да зор. Мысалы, 2013-2015 жылдары 40 мәдениет ошағы жабылған. Заңдағы жаңалықтар мәдениет ошақтарын құру, қайта құру және жою мәселелерін құзырлы органмен міндетті келісуді талап етеді. Бұл шара мәдениет ошақтарының себепсіз жабылуына бөгет болып қана қоймай, Мәдениет және спорт министрлігіне барша Қазақстан бойынша шара қолдану үшін мәдениет ошақтарына мониторинг жүргізу мүмкіндігін береді.
«Сонымен қатар Заңдағы толықтырулар Елбасының ұлттық мәдениет пен мәдени-тарихи мұраның сақталуы мен дамуы жолындағы саясатының сапалы жүзеге асырылуына ықпал етеді деген сенімдемін», - деді ведомство басшысы.
Жазушы, Қазақстанның еңбегі сінген қайраткері, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майры Айсина мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнамаға енгізілген өзге де өзгерістер туралы баяндады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі