- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде халықаралық келісімдер қаралды
Сенат комитетінде халықаралық келісімдер қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
2017 жылы пилоттық жоба нәтижелеріне талдау жүргізу қажеттігіне байланысты Келісімнің қолданылу мерзімін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатын болды. Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады.
2016 жылғы 7 желтоқсанда Астанада қол қойылған Келісім «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялауды қаржыландыруға 240 300 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді.
Республикалық бюджеттен қарызды бірлесіп қаржыландыру – 32 765 мың АҚШ долларын құрайды. Қарыз 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 18 жыл мерзімге беріледі. Қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал