- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА бейбітшілік пен этносаралық татулықты нығайтудың тиімді институты ретінде қалыптасты
ҚХА бейбітшілік пен этносаралық татулықты нығайтудың тиімді институты ретінде қалыптасты
Сесиия жұмысын ашқан аймақ басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ж.Түймебаев бүгінгі басқосудың мақсатымен таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында жүктеген бірқатар міндет-мақсаттардың облыста жүзеге асырылу барысына тоқталды.
«Үшінші жаңғырудың межесі – айқын, міндеті – белгілі. Ұлттық сананы қалыптастыруда ата дәстүрін жалғап, тілін, тарихын төрге оздырған, жарасты қоғам құрып, жасампаз еңбегімен ел қуатын арттырған оңтүстікқазақстандықтар Елбасы қойған мерейлі міндеттердің үдесінен шығады деген ойдамын. Үш миллионға жуық тұрғыны, тоғыз жүзге жуық елді мекені бар Оңтүстік Қазақстан жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан қасиетті өңір саналады. Бағалай білгенге бұл үлкен күш, ауқымы кең әлеует», - деді ол.
Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелері мен Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
«Өңірдің мәдени әралуандығын қамтамасыз етуде облыстық 20 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізіп, халқымыздың байырғы меймандостық, бауырластық, еңбеккерлік сынды асыл дәстүрлерін үздіксіз жалғап келеді. Ассамблея атқаратын жұмыстың арқауы – стратегиялық құжаттарды жұртшылық арасында түсіндіру, олардың іске асыруға қоғамды жұмылдыру»,-деді өз баяндамасында әкім.
Сондай-ақ, жиында достықты, бейбітшілік пен этносаралық татулықты нығайтудағы жасампаз еңбегі үшін бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Ассамблея сессиясы арнайы концерттік бағдарламаға ұласып, Елбасының сөзіне жазылған «Шұбар ат», «Үшқоңыр», «Жерім менің», «Елім менің» әндерінен этномәдени бірлестіктердің әртүрлі тілдегі попурриімен аяқталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар