• Басты
  • А. Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысының аграрилерімен кездесті
24 Мамыр, 2017 18:21

А. Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысының аграрилерімен кездесті

Елбасы тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов кезекті жұмыс сапарымен еліміздің басты астық өндіруші өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары аясында ол егіс науқаны барысымен танысып, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының дамуы мәселелерін талқылады.
А. Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысының аграрилерімен кездесті | Strategy2050.kz

АШМ  хабарлағандай, Вице-Премьер отандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді. Оған жергілікті зауыттардың директорлары мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялар өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы міндетінің бірі – ауыл шаруашылығы саласын заманауи техника және құрал-жабдықтармен қамтылуын артыру, сондай-ақ, ел аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту болып табылады.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ағымдағы уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен ауыл шаруашылығы техникасын жасаушы кәсіпорындар өкілдері кірді.

Жұмыс тобы отырыстарының қорытындысы мен машина-тракторлық парктың жаңғыруы көлемінің өсімін тежеуші жағдайларды талдау барысы және төмен деңгейлі өндіріс зерттеліміне сәйкес АШМ тарапынан Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың жол картасы әзірленді.

Жол картасында көрсетілген іс-шаралар қолда бар қуаттылықтарды еселеп, өндірістің жаңа түрлерін арттыруға, шығарылып жатқан өнімнің ассортиментін ұлғайтуға және мұның нәтижесінде фермерлерді әлемдік баламаларынан бір де кем емес сапалы да арзан отандық техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биылдан бастап отандық өндіріске бағытталған техника мен құрал-жабдықтарды субсидиялаудың әдістемесі өзгерді.

Айталық, бұған дейін шетелдік астық жинаушы бір комбайнға 30 млн. теңге берілсе, биылдан бастап бұл қаражатқа 3 астық жинаушы комбайн субсидияланады.

Мұның өзінде, шетел техникасы да әдеттегіше субсидиялана береді. Алайда, олардың бағасының тым қымбат болуына байланысты қаржыландырылуы 5-7% деңгейде болмақ. Ал отандық техника үшін 25% көмек берілмек.

«ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы техниканы лизингке беру әдістемесі қайта қаралды. Былайша айтқанда, отандық өндірушіге қайта бейімделді. Өз кезегінде, аталған шаралар тізбегі қазірдің өзінде алынатын техника көлемін 50-70%-ға арттыруға мүмкіндік беруде. Яғни, бұл жаңғыру ырғағын 1,5-2 есе арттырмақ» – деп атап өтті Вице-Премьер.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды