- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте 8 конституциялық заң жобасы мақұлданды
Мәжілісте 8 конституциялық заң жобасы мақұлданды
Өзгертулер сегіз Конституциялық заңдарға енгізіледі. («Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Республикалық референдум туралы», «Үкімет туралы», «Президент туралы», «Конституциялық Кеңес туралы», «Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы», «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»).
«Президент туралы» Конституциялық Заңында Президенттің өкілеттіктері конституциялық түзетулерге сәйкес келтіріледі.
«Президент Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар, Парламент депутаттары Конституцияда бекітілген тәртіппен (57-бап 6-тармақша) Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы өтініш жасаған жағдайда, Президент оны қызметінен босатады. «Президент туралы» Конституциялық заңнан Президенттің келесі заң шығару функциялары алып тасталады: заң күші бар жарлықтарды шығару, заң жобасын шұғыл деп жариялау, Үкiметке заң жобасын Мәжiлiске енгiзудi тапсыру жәнеҮкімет актілерінің күшін жою», - деп баяндады М.Бекетаев.
Министр хабарлағандай, «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық заңында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Елбасы» ретіндегі атауы мен мәртебесіне қатысты түзетулер енгізіледі. «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заң жаңа жиырма екі де бір (22-1) бабымен толықтырылады. Ол Үкімет мүшелері кандидатураларын Мәжіліспен келісу тәртібін анықтайды.
«Консультациялар Мәжілістің тиісті бейінді комитеттерінде өтетін болады. Тиісті кандидатураларды Премьер-Министр, немесе ол өкілеттік берген лауазымды тұлға ұсынады. Әрбір талқыланатын кандидатура жөнінде Мәжілістің тиісті комитеті қорытынды шығаратын болады», - деді М.Бекетаев.
«Үкімет туралы» Конституциялық заңында, конституциялық түзетулерге сәйкес, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды жою бойынша өзгерістер енгізіледі.
«Үкіметтің Президент пен Парламент арасындағы қарым-қатынасын реттейтін нормалар бекітіледі. Үкімет Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталғанша қызмет етеді және жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өкілеттігін тоқтатады», - деп атап өтті М.Бекетаев.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңында сайлаушылар мен сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түзетулер көзделген.
«Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Олар: мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау. (Ол үшін медициналық куәландыру өтеді)», - деп баса айтты М.Бекетаев.
«Конституциялық Кеңес туралы» Конституциялық заңға қарастырылған өзгеріске сәйкес Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өтінішті Конституциялық Кеңеске жолдау құқығы көзделген.
«Өз кезегінде Конституциялық Кеңеске жүгінудің және Кеңестің шешім қабылдауының салдары анықталады», - деп толықтырды М.Бекетаев.
Сонымен қатар, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға Жоғарғы Соттың сот практикасын түсіндіру функциясын жүзеге асыруды нақтылауға бағытталған түзетулер енгізіледі.
«Судьялыққа кандидаттарға конкурстық талаптар белгіленеді. Оларды күшейту мақсатында аудандық сот судьясы кандидаттарының жасы 25-тен 30-ға дейін қайта қаралады», - деді М.Бекетаев.
Бұдан басқа, Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға өзгертулер енгізіледі.
«Референдумда Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәртебесі мәселелері қарастырылмайды», - деп түйді М.Бекетаев.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы