• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада АЭФ аясында жаһандық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланбақ

Астанада АЭФ аясында жаһандық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланбақ

24 Мамыр, 2017 12:33
15-16 маусымда елордада Астана экономикалық форумы өтеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Осы жылы форумның негізгі тақырыбы  - «Жаңа энергия – жаңа экономика».

Форум шеңберінде халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компанияларды тарта отырып, шамамен 20 панельді сессия, дөңгелек үстелдер және конференциялар өткізу жоспарланған.

Форумның негізгі тақырыптары арасында әлемдік сауда және инфрақұрылым, тұрақты экономикалық өсу, инновациялар және «жасыл экономика» бар. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар әлемдік экономиканың ағымдағы даму үрдістерін және жаһандық ынтымақтастықты бекіту мәселелерін талқылайды.

Еске сала кетейік, Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бастап Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді және ірі халықаралық алаң болып табылады, онда жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің негізгі сын-тегеуріндері мен проблемалары талқыланады, оны бекіту және дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде.

Барлық жаңалықтар