- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда бірыңғай сәулеттік жарықтандыру тұжырымдамасы қабылданды
Ақтауда бірыңғай сәулеттік жарықтандыру тұжырымдамасы қабылданды
Аталған мекеме Алматы, Астана қалаларын жарықтандыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аумағын көріктендіру бойынша зор тәжірибеге ие.
«OLYMP UNION» компаниясы он жыл ішінде Астана шаһарында Сулы-жасыл желек, Орталық саябақ аумағын, 12 көше бойын, Алматыда 182 ғимаратты жарықтандыру бойынша біршама істер атқарды. Мәселен, биылдан бастап Орталық алаң, Президенттік саябақ аумағын жарықтандыра түсудеміз. Жұмыс барысында заман талабына сай әрі экономикалық тиімді жарық диодты шамдар қолданылады. Мәселен, жоспарда белгіленген есептік көрсеткіштерге сүйенсек, Ақтаудағы «Астана алаңын» жарықтандыру үшін 15 кВт электр қуаты қажет. Компания үш жылға дейін кепілдік береді. Біз қалалық әкімдіктің «электр желілері басқармасымен» бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Әрі қызметкерлерді оқыту ісі бойынша келіссөздер жүргізіледі»,-дейді «OLYMP UNION» компаниясының басшысы А.Желдібаев.
Компания Ақтау қаласында орналасқан 50 ғимаратты жарықтандыруға жұмыстанады. Қазіргі таңда қала бойынша 27 ғимаратты түрлі-түсті жарықпен безендіру дизайны ойластырылып, жобасы жасақталды. Компанияның бас дизайнері О.Фадеев жергілікті ғимараттарды сәулетті жарықтандыруда бірнеше санатқа бөлетіндігін ескерді.
Әкімшілік, қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен қонақүйлер, өндірістік кәсіпорындар, саябақ, сквер, аллея мен ескерткіш орындары сынды кіші сәулет нысандары өзіндік ерекшеліктеріне орай көрнектеледі. Ақтау қаласын арнайы безендіру барысында көк пен сары түстеріне басымдық беріледі. Көк - кәрі Каспийдің символы, ал сары Күн нұрына малынған қала көркінен хабар береді.
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
«Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай іс-шаралар іске асуда -
Ұстаздар күні: Мұғалім мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданды -
Сенат отырысы: Қандай заң жобалары қабылданды -
Жолдау-2020: Экономиканы дамыту үшін нақты қандай шаралар қабылданды -
А.Балаева: Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді