- Басты
- Жаңалықтар
- Қазығұрт ауданында МЖӘ аясында 12 жаңа балабақша ашылады
Қазығұрт ауданында МЖӘ аясында 12 жаңа балабақша ашылады
«Осы ретте, аудандағы апатты және апат алдындағы мектептерді жою, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Апатты және апат алдындағы 26 мектептен 2015-2017 жылдары 17 мектеп, 2018-2020 жылдары 9 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Осылайша, 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі»,-деді әкім.
Оның айтуынша, ауданда ұлттық қор есебінен 300 орындық 5 мектеп, ал жергілікті бюджеттен 100 орындық 3 мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар, 2017 жылдың маусым айына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 жаңа балабақша ашылып, осының нәтижесінде 1455 бала балабақшамен қамтылмақ.
«Сонымен қатар, биылғы жылы 11 сыныпты бітіруші 1640 оқушыдан 1156 оқушы (70%) ҰБТ-ке қатысуға өтініш берген. Ал балаларды жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту мақсатында 4 демалыс лагерінде 3656 оқушы демалады», - деді ол.
Сондай-ақ, аудан басшысы осы жылы Қақпақ ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 300 орындық заманауи лагерь құрылысы жеке кәсіпкер арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары