- Басты
- Жаңалықтар
- Самұрық-Қазына 2016 жылды жақсы қаржылай көрсеткіштермен аяқтады
Самұрық-Қазына 2016 жылды жақсы қаржылай көрсеткіштермен аяқтады
«Шоғырланған таза пайда өткен жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есе артық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу табыстарды ұлғайту мен шығындарды жүйелі түрде азайту есебінен мүмкін болды. Ал Қордың стратегиялық көрсеткіші болып табылатын таза активтердің құны 6,8 трлн теңгеден асып, 2015 жылдағыдан 7% өсті. Меншікті капиталдың тиімділігі 2015 жылы 3,3% құраса, 2016 жылдың соңында 5,5% жетті», - деді Ө.Шүкеев Мәжілісте депуттар алдында сөз сөйлей отырып.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары «Самұрық-Қазына»АҚ активтерін жекешелендіру бағдарламасы туралы хабардар болды, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қор мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін салық пен өзге де төлем түрінде 610 млрд теңгеге арттырды. Девидендтер мен акционердің өзгеде төлемдері 57 млрд теңгені құрады.
«Компания активтерін жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қор тобының 215 нысаны бәсекелестік ортаға тапсырылады. Бүгінде Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 151 активті сату тәсілдерін бекітті, оның ішінде 132-і Қор құрамынан шығарылды. Қазіргі таңда Қор Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында сатылуға тиісті өзге активтер бойынша даярлық жүмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті Ө.Шүкеев.
Сонымен қатар ол «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығын трансформациялау үрдісі аяқталуға жақын екенін тілге тиек етті. Қор өз активтерін Директорлар кеңестері арқылы және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне сүйеніп басқаратын стратегиялық холдинг/белсенді инвестор ретінде жұмыс істейді.
«Жалпы 2014 жылы бастау алған трансформация бағдарламасының нәтижесінде бүгінде 6 ұлттық компания – Қазақстан темір жолы, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Энерго, KEGOC және Қазпошта 130-дан аса трансформация жобасын жүзеге асырады. Жалпы Қор компаниялар тобында трансформация жобаларынан түсетін экономикалық пайданың жиынтық көлемі 1 трлн теңгеден асады деп күтілуде», - деп түйді Ө.Шүкеев.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды