- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы БАӘ сыртқы істер министрімен кездесті
Мемлекет басшысы БАӘ сыртқы істер министрімен кездесті
Мемлекет басшысы БАӘ сыртқы істер министріне сәттілік тілеп, елдеріміз арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Сіз біздің елге ресми сапармен Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай келіп отырсыз. Бүгін Астанада бірлескен бизнес-форум өтіп жатыр. Биыл мен Араб Әмірліктерінде екі рет болдым. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен соңғы кездесуімізде көптеген мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталып, биылғы жыл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.
«Өзара сенім мен бауырластыққа негізделген біздің қарым-қатынасымыз – басқаларға үлгі. Мұны одан ары дамытуға бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.
Абдалла бен Заид Әл Нахаян екіжақты өзара іс-қимыл барысына көңілі толатынын, оны жаңа деңгейде нығайта түсу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, БАӘ сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінде өткен саммиттің табысты болғанын айтып, соның аясында Қазақстан Президентінің Абу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен әңгімелескенін еске салды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер