- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда азық-түлік бағасы индексінің болжамы әзірленді
Қазақстанда азық-түлік бағасы индексінің болжамы әзірленді
Айта кетейік, 2012 жылы Үкіметпен бағаның негізсіз өсуіне және алып-сатарлыққа жол бермеуге және маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар қабылданғанын, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары құрылғанын атап өткен жөн. АҚ «Продкорпорация» арқылы 17,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік-жеке кәсіпкерлік корпорациялар қаржыландырылды.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы,Экономика министрлігі Алматы, Астана және облыс әкімдіктері бірлесіп әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы Меморандум жасасқан болатын.
Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 2017 жылдың әр айына арналған тұтынушы баға индексі әзірленді.
Бүгінгі күні Алматы және Астана қалалары, облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың басынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейінгі кезеңде тұрақтандыру қорларына 22 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды.
Қаңтар айынан бастап 16 мамыр аралығында кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген байқалады: тауық жұмыртқасы 18,6%, қарақұмық жармасы - 10,3%, қант - 6,8%, күнбағыс майы - 5,8%.
Қор көлемі жалпы қор көлемінің 1 сұрыпты ұнға (35,4 %), қантқа (28,8 %), күнбағыс майына (10,9 %), күрішке (5,6 %), картопқа (5,3 %), қарақұмыққа (4,2 %), макаронға (3,4 %), сәбізге (2,2 %), қырыққабатқа (1,8 %) келеді.
Премьер-Министр орынбасарымен жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларының жұмысын белсендіру және азық-түлік тауарларын өткізуде және сатып алуда ӘКК жәрдем көрсету бойынша тапсырма берілді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды