Ақмола облысында «БЖК-2020» аясында 667 жоба мақұлданды

24 Мамыр, 2017 09:21
«БЖК-2020» бағдарламасы іске қосылғалы Ақмола облысында әртүрлі бағыт бойынша 667 жоба 84,7 млрд теңгеге мақұлданды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша,  әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны  41 мыңнан артық, онда  128 мың адам жұмыс істейді.  Оның ішінде  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту  қоры  арқылы несиелік ставканы субсидиялауды ШОБ-тың  498 субъектісі алды.  Несиені кепілдендіруге  160 кәсіпкерлік ие болды.

«ШОБ-ті қолдау аясында Ақмола облысының әкімдігі мен «Даму» қоры  150 мың теңге бөлді,  ол екінші дәрежелі банктер арасында  8,5 пайыздық ставка  бойынша үйлестірілді», - делінген  хабарламада.

Бүгінгі таңда аталмыш жоба бойынша  266 млн теңгенің  9 жобасы  жүзеге асырылды.

 

 

Барлық жаңалықтар