- Басты
- Жаңалықтар
- Шегірткеге қарсы шараларға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді
Шегірткеге қарсы шараларға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді
«2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 570,7 мың гектар алаңда болжамдалуда, оның ішінде, италияндық прус 951,6 мың гектар, азиялық шегіртке 298,4 мың гектар, мароккалық шегіртке 320,7 мың гектар.Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 538,5 млн.теңге қаражат бөлінді, бұл қажетті пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді.Бүгінгі күні пестицидтер барлық өңірлерге жеткізілді және химиялық өңдеу жөніндегі қызмет көрсетушілер анықталды», - деп хабарлады ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.
Е. Айнабеков атап өткендей, өткен жылдан бастап марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеулер Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жүргізілуде. Ол үшін ағымдағы жылы министрлік тазарту алаңы мен тениканың және қаржы көлемін арттырды.
«2017 жылы мониторингтік жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге 448 автокөлікті жалға алуға және 437 тексерушілерді жұмылдыруға қаражаттар бөлінді. Штаттағы жұмыскерлерді қоса алғанда тексеру жұмыстарына барлығы 1184 адам және 617 автокөлік қатысатын болады. Оған қоса қажет болған жағдайда Қазақстанның жол картасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру орталықтарынан қосымша тексерушілер тартылады», - деді спикер.
Мониторингтік тексерулер және химиялық өңдеулер жалғасуда. Басқа облыстарда олардың қоныстану орындарын анықтағаннан кейін үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеулер басталады.
Ақбота Күзекбай
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда