- Басты
- Жаңалықтар
- Алжирдің премьер-министрі Астанадағы ИЫҰ саммитіне қатысатынын растады
Алжирдің премьер-министрі Астанадағы ИЫҰ саммитіне қатысатынын растады
А. Камалдинов Қазақстан мен Алжирдің Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы әріптестік деңгейінің өте жоғары екендігін атап өтіп, Алжирдің Солтүстік Африка аймағындағы тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқарып отырған ислам әлеміндегі ең ірі мемлекеттердің бірі ретінде 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар бойынша бірінші Саммитіне қатысуының маңызды екендігі туралы Қазақстан Президентінің жолдауын тапсырды. А. Селлаль Алжирдің бұл іс-шараға баса мән беріп отырғанына тоқтала келіп, Астана саммитіне жеке өзінің қатысатынын қуаттады.
Сонымен қатар, Президенттің Арнайы уәкілі Алжир Премьерінен АХДР-ге жаңа құрылымның белсенді мүшесіне айналуға, ислам қоғамындағы қазіргі проблемаларды шешуде үлес қосуына мүмкіндік беретін Елбасының Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына (ИАҚҰ) қатысты тағы бір бастамасына қолдауды өтінді. Осы орайда, Премьер-министр жуық арада Ұйымның жарғысына қол қоюға және оның толық құқықты мүшесі болуға дайындығын растады.
Арнайы уәкіл Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына Алжир тарапының қатысатындығы үшін алғыс айтып, ол іс-шараның Алжир үшін өз жетістіктері мен балама энергетика саласындағы жаңалықтарын көрсететін платформаға айналатындығына сенім білдірді.
Сондай-ақ сапар барысында А. Камалдинов Алжир Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Хассан Рабехимен және министрліктің басты департаменттерінің директорларымен әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты белсендіру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Жақын арада Қазақстан-Алжир үкіметаралық комиссиясын құру туралы, екіжақты негізгі құжаттарға қол қоюға және делегация алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Қ.Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің төтенше бейнесаммитіне қатысты -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
Үкіметтің жаңа құрамы -
Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық -
Елбасы Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді -
Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде -
Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады -
Президентке Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы баяндалды -
Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барды -
Астанадағы қарттар үйі қарияларға үйлерінде қызмет көрсетеді -
Астанадағы цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми мәртебе алды -
Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты -
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады