- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкімет» электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу жұмысын күшейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу жұмысын күшейтеді
««Азаматтарға арналған үкіметтің» еліміз бойынша 350-ге жуық кеңсесі барын баяндады. Жыл сайын 200 мыңнан астам қызметкер «бір терезе» қағидаты бойынша 40 млн-нан астам қызмет көрсетеді», - деді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Мемлекеттік корпорация клиенттерге бағдарлануды арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен құралдарды жиі енгізеді.
«Мысалы, жыл басынан бері құжаттың әзір болғаны туралы хабардар ететін sms-хабарлама, telegram-бот, дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу, электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу, Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-тарын тегін wi-fi-мен қамту тәрізді сервистер іске қосылды», - деді министр.
Алыс елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді, олар жылына 13 мыңнан астам рет шалғайға шығады. Желісі Қазақстандағы елді мекендердің басым бөлігінде жұмыс істейтін «Қазпошта»-мен бірлесіп ұлттық пошта операторының кеңселерінде мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мүмкіндігі шектелуі адамдарды кедергісіз ортамен қамтуға ерекше көңіл бөледі. Биыл есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандарға арналған онлайн-сурдоаударма сервисі іске қосылды. Корпорацияның кеңселерінде арбаға таңылған мүгедектер үшін пандустар мен шақыру түймелері, Брайль мәтінімен жазылған ақпараттық тақталар, нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар бар. Сонымен қатар І және ІІ топтардағы мүгедектер үйде отырып та «Азаматтарға арналған үкімет» қызметтерін ала алады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары