- Басты
- Жаңалықтар
- ТКШ жаңғырту: Жамбыл облысында 128 үй жөндеуден өткізілді
ТКШ жаңғырту: Жамбыл облысында 128 үй жөндеуден өткізілді
Бағдарламаны іске асырудың басында 610 үйді күрделі жөндеу талап етілсе, бүгінгі таңда 3 млрд теңгеге жуық сомаға 218 үй, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,5 млрд теңге сомасына 172 үй жөндеуден өткізілген. Қайтарылған қаражат есебінен 46 үй жөнделген.
Бүгінде, әкімдіктің мәліметі бойынша, жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің саны 25 пайызға дейін төмендеген.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Жаңатас және Қаратау қалаларында өткен жылы 598 млн теңгеден астам сомаға су құбыры желілерін қайта құру және тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша 3 жоба іске асырылған.
Бұдан бөлек, әкімдікте өткен жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға және автомобиль жолдарының сапасын арттыруға 9,9 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталғаны туралы ақпарат берілді. Бөлінген қаражат есебінен 15,2 км автожол салынып, 496 км жол орташа жөндеумен қамтылған. Нәтижесінде, қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 75,5%-ға дейін өссе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 54,6 %-ға тең болған. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 77%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады