- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 21 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланған
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 21 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланған
Жыл соңына дейін 3420 орынға 21 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланған. Оның ішінде 1210 орындық 12 жекеменшік, 8 мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы 1890 орындық, 320 орынға бір мемлекеттік балабақша. І тоқсанда 697 орындық 11 жекеменшік балабақша ашылған.
«Білім саласына 2017 жылдың бюджетінен 56, 8 млрд. теңге бөлінген. Негізінен қаржы білім беру ұйымдарының құрылысына, ағымдағы және күрделі жөндеуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, сонымен қатар балабақшалар мен колледждерге мемлекеттік тапсырыс қабылдауға жұмсалып отыр», - деді басқарма басшысы Зейнеп Тастемірова.
Ақтау қаласының 26 шағынауданындағы280 орындық №38 балабақша ғимаратын кері қайтару мәселесі шешілмей тұрғандығы айтылды. Аталған ғимаратты кері қайтару үшін ғимаратты жалға алып отырған ҚР Қорғаныс министрлігінің 44273 әскери бөліміне басқа жерден ғимарат тауып беру қала әкімдігіне міндеттелді.
Айта кетерлігі, облыста 494 білім беру ұйымдарының ішінде 252 балабақша (33 497 бала), 146 мектеп (121 211 оқушы), 26 колледж (22 454 студент), 57 қосымша білім беру ұйымы (36 261 оқушы), 13 арнайы білім беру ұйымы (1189 оқушы) бар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті