- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК Сенат депутаттарын сайлауда шетелдік бақылаушылардың қызметін анықтады
ОСК Сенат депутаттарын сайлауда шетелдік бақылаушылардың қызметін анықтады
Сайлау туралы Конституциялық заңға сай халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы шақырады.
ҚР ОСК Төрағасы Б.М. Имашев сайлау саласында екіжақты байланыс орнатылған шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары басшыларының атына шақыру хаттары жіберілгені туралы ақпараттандырды.
«ТМД Атқару комитетіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шақыруы жіберілді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, Ислам ынтымақтастық ұйымынан байқаушыларды сайлауға шақыру жоспарланып отыр», - деді төраға.
Өз кезегінде, ТМД Атқару комитеті ТМД Парламентаралық Ассамблеясына, Ресей мен Беларусь Одағының Парламенттік жиналысына, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына, сондай-ақ басқа да ТМД-ға мүше мемлекеттерге тиісті хаттар жіберіп, ТМД-дан байқаушылар миссиясын қалыптастыруға кірісті.
ҚР ОСК қаулысымен шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары үшін сауалнама мәтіні бектіліп, оларды аккредиттеуді жүргізу мерзімдері 2017 жылғы 22 маусымға дейін белгіленді.
« Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда аудармашы ілесіп жүре алады», - деп хабарлады ОСК.
Сонымен қатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлауды байқауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда жүзеге асырады деп айқындалған.
ОСК хабарлағандай, отырыста 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына республикалық бюджеттен 92 млн теңге бөлінді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді