- Басты
- Жаңалықтар
- БАӘ қазақстандықтар үшін бір айға визасыз режим енгізбек
БАӘ қазақстандықтар үшін бір айға визасыз режим енгізбек
ҚР сыртқы саяси ведомствосының ақпараты бойынша аталған комиссия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың қаңтарында Абу-Дабиге ресми сапары барысында қол жеткізілген келісушіліктерге сәйкес құрылған. Кездесу БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Абдалла бен Заид Аль Нахаянның Астанаға ресми сапары қарсаңында өтті.
Отырыста Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы консулдық-құқықтық қатынастарды тереңдету жолдары, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өзара іс-қимыл, жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ БАӘ азаматтарының Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне баруы мәселелері қаралды.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде екі ел арасындағы өзара іс-қимыл ашық және сенімді сипатқа ие екенін атап өтті. Оған екі мемлекеттің көшбасшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар едәуір ықпал етеді.
Отырыс барысында әмірліктер тарапынан БАӘ Үкіметінің Қазақстанның Әмірліктерге баратын барлық азаматтары үшін бір ай мерзіміне визасыз режим енгізу туралы шешім қабылданғаны хабарланды. Тиісті құжатқа ертең екі елдің сыртқы істер министрлері қол қояды деп күтілуде.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы саяси ведомстволары консулдық-құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтармен шұғыл жағдайлар туралы тұрақты ақпарат алмасуды реттеу туралы келісті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы