- Басты
- Жаңалықтар
- ТДҰА «Ашық инновациялар» саласында халықаралық әріптестік орнатуда
ТДҰА «Ашық инновациялар» саласында халықаралық әріптестік орнатуда
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің шақыруымен Қазақстанға NineSigma «ашық инновациялар» саласындағы ірі компанияның өкілдері келді.
Сапар барысында компанияның Вице-президенті Патрик Феран ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіретін «ТДҰА» АҚ басшылығымен кездесулер өткізеді, сондай-ақ мастер-класс пен семинар өткізді.
«Воркшот» бизнес үшін тәжірибелік мәнге ие. Ол технологиялық жаңғыртуды жүзеге асыруда алдыңғы қатарлы трансферт іздеуден бастап, экономиканың әртүрлі саласында технологиялық тренд пен технологиялық қауіп-қатерлерді бағалауды қарастырады», - деп хабарлады ТДҰА.
NineSigma компаниясымен серіктестік Қазақстан компанияларына әлемдік ғылыми қауымдастықты тарту арқылы технологиялық скаутинг бойынша бірыңғай терезе жасауға мүмкіндік береді.
«Біз кәсіпорындар мен алдыңғы қатарлы трансфертті қолдауға дайынбыз. Қазіргі таңда инновациялық гранттар үшін жаңа ережелер әзірленді. Оның аясында біз кәсіпорындарға қажетті технологиялар трансферті бойынша тең қаржыландыру ұстанымы арқылы көмек көрсетеміз», - деді «ТДҰА» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров.
NineSigma вице-президенті Патрик Фераның айтуынша, әртүрлі саладағы алдыңғы қатарлы компаниялар «ашық инновациялар» жүйесінде дамып жатыр.
«Біз кәсіпорындарға өздерінің техникалық жобалары мен мақсаттарын әзірлеуге көмек көрсетеміз. Ол әзірлеме сілтемесіз әлем компанияларына таратылады. Оның идеясы нақты жауап алу емес, жауапты табуға келісетін адамдарды табу болып табылады. Әрбір идея үшін біз орташа есеппен 6 мың өтінім беріп, 10-нан 100-ге дейін жауап аламыз», - деді П.Феран.
NineSigma негізгі міндеті технологиялық шешімдер және кәсіпорын-тапсырыс берушінің нақты технологиялық сұранысына қолдану үшін жоғары деңгейдегі дайын технологияны іздестіру.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы