- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада халықаралық марафон өтеді
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада халықаралық марафон өтеді
Бұл марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған.
« Биылғы жылдың 27 тамызында Астанада «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» форумымен бірге марафон өткізу туралы шешім қабылданды. Өздеріңіз білесіздер, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көптеген халықаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сондай маңызды шаралардың бірі Астана халықаралық марафоны деп отырмыз. Марафон – Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізгелі отыр. Бас хатшысы Рашид Алимов мырзамен кездесіп, осындай келісімге келдік. Қытай тарапы бейнеролигінен бастап барлығын түсіріп, халықаралық аренаға тарататын болады. Ол елде бұған дейін мұндай ірі масштабтағы марафон өткен. Сондықтан көрші елдің марафон ұйымдастырудағы тәжірибесі мол. Енді сол тәжірибесін бізбен де бөліспекші», – дейді Е.Қанағатов.
Оның айтуынша, марафон үш қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысушылар 10, 42 және ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне сәйкес 2017 шақырымға жүгіреді. Шетелден 700-1000 мыңдай қатысушы келсе, өзімізден 4000 марафоншы бақ сынайды деп күтілуде.
Өткен жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы алғаш рет осындай халықаралық марафон ұйымдастырған болатын. Оған ұйымға мүше 4 елден 15,6 мың адам қатысқан. Марафон ұйымның 15 жылдығына байланысты өткізілген еді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді