- Басты
- Жаңалықтар
- Францияның мәдениеті павильонның әрбір элементінен көрініс табады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Францияның мәдениеті павильонның әрбір элементінен көрініс табады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

««Экоқала», «Жаңғырмалы энергия» және «Экологиялық көлік» - көрмеде көрсетілетін осы үш сараптау саласындағы компаниялар, француз павильонының кеңістігін жобалау кезіндегі негізгі тақырып болды. Осы тақырыптардың біріне сай жасалған, француз павильонының 1-қабатындағы 7 бөлік келушілерге «жасыл энергетика» саласындағы жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Бөліктер галереялар арқылы қосылған, мұнда әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосқан, Францияның көрнекті қайраткерлері таныстырылады», - деді П.Лоро.

Франция рухани мұраға бай және ол өз мәдени дәстүрін ұқыпты сақтайды.

«Қонақтар павильон аумағында, француз өнер қайраткерлерінің шығармаларын – мүсінші Милен Гермонның туындысы «Мини Аква» композициясын, суретші-иллюстратор Ян Далонның қолынан шыққан, Марианна бейнесін (Француз Республикасының символы) немесе павильонның алды көмкерілген, Францияның ең әдемі жерлерінің фотосуреттерін көре алады», - деді П.Лоро.


Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесі жұмыс істеп тұрған уақытта Франция екі ұлттық мерекесін – 21 маусымда Франция күнін және 14 шілдеде Бастилияны алу күнін атап өтеді және осы күндердің құрметіне мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
«Франция 21 маусымда 30 жылдан астам уақыт Францияда тойланып келе жатқан музыка фестивалі – Музыка мерекесі шеңберінде ұйымдастырылған мереклер сериясында өзін барлық қырынан көрсетеді. Мереке қонақтары дәстүрлі цирк нөмірлері мен кабарені көріп, Францияның оңтүстік-батысының және Бретань музыкасын тыңдайды. Музыка мерекесі аясында Қазақ Ұлттіқ өнер университетінің студенттері де француз тілінде ән салады», - деді ол.


Павильонның конференц-залында үш ай бойы көптеген семинарлар, шеберлік-сыныптары мен ғылыми конференциялар өтеді, оларға қатысқан қонақтар болашақ энергиясы саласындағы француз инновациялық технологиялары туралы, сондай-ақ білім, мәдениет және франкофония салаларындағы Франция мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы көптеген қызықты мәлімет ала алады.
Салтанат Сұрағанова
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Мәжіліс депутаты: Індет әрбір отбасын айналып өткен жоқ -
Аида Балаева: Президент үндеуінде айтқандарының ең негізгісі – бұл әрбір қазақстандық өмірінің маңыздылығы -
Бас онколог: Әрбір қазақстандық тегін скринингтен өте алады -
Әрбір ипотекалық қарыз алушының өтініші жеке тәртіпте қаралмақ -
Назарбаев: Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді -
Президент тапсырмаларының заңда көрініс табуы маңызды -М.Бахтиярұлы -
Қаржы министрі ЕАЭО-ға қатысты: Әрбір мемлекет өзінің Ұлттық қадағалау жүйесін құруы қажет -
Әрбір азамат бұл заңның болашақта орындалу міндетін дұрыс түсінуі керек – Ж.Ибрагимов -
Ермек Маржықпаев: Әрбір теңгені барынша тиімді шығындау қажет
-
Индонезия Қазақстанға мәдениетін паш етіп жатыр -
Е.Саиров: Азаматтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары -
Мемлекет қоғам тарапынан болатын әрбір ұсынысқа құлақ асады – саясаттанушы -
Р.Рымбаева: Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек