- Басты
- Жаңалықтар
- «АрМИ-2017» сайысына әлемнің 27 елі қатысады
«АрМИ-2017» сайысына әлемнің 27 елі қатысады
Әлемнің 27-ге жуық елі ағымдағы жылғы шілденің 21-і мен тамыздың 13-і аралығында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумақтарында өтетін «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысына қатысатынын растады.
Бұл Қазақстан, Ресей, Қытай және көптеген өзге мемлекеттердің бірнеше мыңдаған әскери қызметшісінің отыздан аса сайысқа қатысатын өзінше бірегей сайыс болып табылады.
Конкурста ТМД мен алыс шетелдің танкішілері, ұшқыштары, артиллерияшылары мен саперлері бақ сынасады. Әскери қызметшілер «Танк биатлоны», «Суворов тегеуріні», «Мерген шебі», «Әскери барлаудың үздіктері», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Авиадартс», «Аспан кілті», «Теңіз кубогы», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Десанттық взвод», «Эльбрус шығыршығы», «Ашық су», «Қауіпсіз бағдар», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Рембат», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Далалық ас үй», «Әскери-медициналық эстафета», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Қару шебері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары» және т.б. санаттар бойынша қатысады.
Конференция аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында байқауларды өткізу орындарын алдын ала барлау жүзеге асырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері