- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлік даму министрлігінің басшысы Алматы мен Алматы облысының тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты
Өңірлік даму министрлігінің басшысы Алматы мен Алматы облысының тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты
«Болат Жәмішев Өңірлік даму министрлігінің келесі ведомствоға бағынысты кәсіпорны «Қазақ Суарнажоба» АҚ-тың, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жұмысымен танысты», - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні «Қазақ Суарнажоба» АҚ сумен жабдықтаудың, су бұрудың инженерлік жүйелері мен объектілерін, олармен байланысты елді мекендердің гидротехникалық құрылыстарын және күрделік деңгейі әртүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың инженерлік жүйелерін және т.б. жобалау жөніндегі мәселелерді белсенді түрде пысықтап жатыр.
Сондай-ақ, Алматы қаласының «Алғабас» шағын ауданына барып, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының шеңберінде салынып жатқан үйлердің құрылысы барысымен танысты. Осында Б. Жәмішев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын Алматыда іске асырылу барысымен танысты, бұдан басқа «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде қаланы сумен жабдықтау және су бұру мәселелері талқыланды.
Іле ауданында Болат Жәмішев Алматы облысының Первомайка кентінде Алматының «G-4 City» серіктес қалалары объектілерінің құрылысын қарап шықты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Өңірлік даму министрі Алматы облысының әкімдігіне «Премьера», «Елисейские поля» және «Асыл арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері