- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық делегация Канн қаласының мэрімен кездесті
Қазақстандық делегация Канн қаласының мэрімен кездесті
Кездесу барысында ынтымақтастық перспективаларымен байланысты пікір алмасу өтті, екі елдің мәдениет және туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар атап өткендей, стратегиялық әріптестікті тереңдету екі елдің мәдениет саласындағы тұрақты дамуына оң әсер етеді.
Беделді халықаралық кинофестивальдардың бірі аясында Қазақстандық павильонның тұсаукесері Қазақстанның беделін арттырып, кино индустриясы саласындағы әріптестік пен ынтымақтастық перспективаларын кеңейтеді.
«Мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық экономикалық қатынастардың нығаюына ғана емес, сонымен қатар, екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығының дамуына да ықпал етеді », - деп санайды ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаева.
Павильонның жұмысы ұлттық фильмдерді бірлесіп өндіру мен қаржыландыру үшін ықтимал әріптестерді тартуға, тәжірибе алмасуға және қазақстандық кино индустриясын жаңғыртуға, туризмді дамытуға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, 17-28 мамырда 70-ші Канн кинофестивалі өтуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ұйымдастыру комитетінің қолдауымен есігін ашқан бірінші қазақстандық павильон Фестивальдар сарайының маңында Le Village International аумағында орналасқан.
Қазақстандық делегацияның құрамына мәдениет және спорт вице-министрі А. Баталов, ҚазҰӨУ ректоры, "Еуразия" ХКФ президенті, Қазақстанның халық әртісі А.Мұсаходжаева, Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылымдар академиясының президенті Р.Нугманов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы және Human Development Group компаниясының негізін қалаушы А. Бекбаев кірді.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді