- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізді
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізді
22 Мамыр, 2017 12:17
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады ХӘҚМ баспасөз қызметі.
2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 528 кәсіпорнында 9,4 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,1 млрд теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 461 ұйғарым беріліп, 59 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Нәтижесінде оларға 867,7 млн теңге төленді.
«Жалпы, өткен жылы, мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 1844 дерегі анықталды және 65,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді