- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайлық полиция қызметкерлері кәсіби деңгейін арттырады
Қостанайлық полиция қызметкерлері кәсіби деңгейін арттырады
Құқық қорғау органдары академиясының жетекшісі Наиль Ахметзакиров Қостанай облысына сапары кезінде өңір басшысы және ІІМ Қостанай Академиясының басшылығымен кездесті.Ол облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Академия басшысы жергілікті полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруда облыс әкімдігіне көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.Сондай-ақ, ІІМ Қостанай Академиясының басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрам және курсанттарымен кездесу өтті.
Наиль Ахметзакиров жиналған қауымға «Қазақстан прокуратурасының өзгерістер бағдарламасы» жол картасын жүзеге асыру және еліміздің қадағалау органын өзгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, Академияның жобалары мен алдағы уақытқа арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Кездесу соңында екі академияның басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бірлескен жобаларды іске асыру үшін оқу процесінде және зерттеу қызметінде өзара іс-қимыл жасаудың түрлі формалары қолданылатын болады, тұрақты түрде ақпарат алмасу ретке келтіріледі.
Келісімге қол қою арқылы заңгер кадрларды даярлау, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша бірлескен күштерді нығайтуға мүмкіндік туды.
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
ҚР ІІМ: Апта ішіндегі қылмыстар, «сервистік полиция» моделі және киберқылмыс -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр -
Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні -
Қазақстан полициясының қызметі қалай реформаланады