• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Хасан Руханиді Иран Президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Хасан Руханиді Иран Президенті болып сайлануымен құттықтады

20 Мамыр, 2017 22:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиді Иран Ислам Республикасы Президентінің сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сайлауға азаматтардың белсене қатысып, Сізді жан-жақты қолдауы – саяси және экономикалық бағдарламаларыңызға халықтың сенімі артқанының дәлелі. Сіздің басшылығыңызбен Иран өзінің даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады. Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін жалғаса береді деп сенемін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Барлық жаңалықтар