- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында құрылыс саласына инвестициялар 32 %-ға өскен
Жамбыл облысында құрылыс саласына инвестициялар 32 %-ға өскен
Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі жел электр станциясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті фермерлермен кездесіп, ірімшік зауытында болды және Тараз қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізді.
Қазақстандағы ең ірі жел электр станцияларының бірі Жамбыл облысында орналасқан. Мұнда жылына 50 млн кВт/сағ-қа дейін электр қуатын өндіреді. Бұл облыстағы 150 мыңға жуық халқы бар Қордай ауданын толық электр көзімен қамтамасыз етуге жететін қуат. Құны 12 млрд теңгеден асатын жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, баламалы энергетиканы қолданудың арқасында Жамбыл облысында «жасыл экономиканы» дамыту бойынша аймақта алдыңғы орыннан көрінуге мүмкіндік мол.
Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған соңғы жылдардың ішінде алғаш рет құрылыс жұмыстарының көлемі 103 млрд теңгеден асып, бұл салаға салынған инвестицияның бірден 32 пайызға артқаны дәлел.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған