Ақмола облысында 214 түлек "Алтын белгі" алуға үміткер

20 Мамыр, 2017 09:55
Биыл облыстағы жалпы білім беру ұйымдарын 4331 түлек бітіріп, оның 3166-сы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Хабарламаға сәйкес, 214 үміткер «Алтын белгіге» үміткер болып отырса, 97 түлек үздік аттестат алуға ниетті.

«Биыл түлектердің тестілеуі Ақмола облысы бойынша, 11 тестілеу бекетінде өткізіледі, оның 8-і облыс аумағында орналасса, 3-і Астанада болады. Сондай-ақ осы жылғы ҰБТ-ның ерекшелігі барлық түлекке түсіндірілген, бұл тұрғыда түрлі семинарлар, ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі, әсіресе шалғай елді-мекендерде тұратын түлектер үшін ҰБТ тапсыру уақытында қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды. Яғни олардың келіп-кетуі, тұратын орны, тамағы, ата-аналардың күту орнында ешқандай олқылық болмай, жоғары ұйымдастырушылықпен өткізуді жүктеді.

Еске сала кетейік, биыл түлектер ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша емтихан тапсырады: алдымен мектеп емтиханын тапсырады, кейін ЖОО оқуға түсуді жоспарлағандар ҰБТ өтеді.

 

Барлық жаңалықтар