• Басты
  • Қазақстанда интерактивті Күн ресурстары атласы таныстырылды
19 Мамыр, 2017 19:34

Қазақстанда интерактивті Күн ресурстары атласы таныстырылды

«ЭКСПО 2017 – Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Астанада электронды Күн ресурстары атласын ұтаныстырды, деп хабарлады ҚР ЭМ.
Қазақстанда интерактивті Күн ресурстары атласы таныстырылды | Strategy2050.kz

Қазақстанның күн ресурстары атласы - бұл бірегей интерактивті Ғаламтор ресурсы, аталмыш ресурс елімізде күн қуатын пайдалану және енгізу идеяларын жүзеге асыру үшін еркін қолжетімділік тәртібінде ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атласта Қазақстанның күн ресурстарының кеңістікте таралуы бойынша мәліметтер сақталып, оларға еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Атластың бастапқы мәліметтері халықаралық климат дерекқорларының жиынтығы жаңартылған сайын өзектілендіріліп отырады.

Хабарламаға сәйкес Атлас Қазақстанның күн ресурстарының кеңістікте таралуы бойынша мәліметтерді елдің түрлі аймақтарында күн қуатын пайдалануды дамытуға қатысты тиімді шешімдер қабылдау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Дүниежүзілік күн энергетикасының қуаты жылына орта есеппен 50%-ға өсіп отырады. Күн энергетикасының үлесі әлі айтарлықтай үлкен болмаған күнде де, дәл осы күн көзі жуық арада жер бетіндегі басты қуат көзіне айналады. Бұл қуат көзінің тартымдылығы қорының сарқылмауымен, әлемдік қуат тасымалдаушылар нарығындағы бағаға қатысты ахуалға тәуелсіздігімен, экологиялық және техникалық тұрғыдан қауіпсіздігімен түсіндіріледі. Күн қуатын пайдалану кезінде атмосфераға жылыжай әсерін тудыратын газдар мүлдем шығарылмайды, демек, климаттың өзгеруін тоқтатуға мүмкіндік туады», - деп атап өтті таныстырылымда ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты даму және урбанизация департаментінің жетекшісі Рассул Рахимов.

Атлас күн энергетикасы саласына инвесторлар тартуға арналған құралдардың бірі болатыны хақ. Атлас аумақтарды энергиямен қамсыздандыру станцияларын және жүйелерін жобалайтын энергия шығарушы мекемелердің, сонымен қатар, фотоэлектрлі станцияларды және күн қуатымен су жылытатын құрылғыларды сатумен және орнатумен айналысатын компаниялардың негізгі техникалық құралына айналуы тиіс. Атлас күн құрылғыларын пайдаланушыларға, ғылыми ұйымдарға, магистранттарға және студенттерге, сонымен қатар, күн қуатын пайдаланатын түпкі тұтынушыларға әкелер пайдасы мол.

Уақыт өте келе бүкіл әлемдегі атластардың бастапқы атқарымдық аясы едәуір кеңейді. Бастапқы мәліметтерді жинаумен және өңдеумен, соның ішінде, атластарға арналған мәліметтер жинақтарын үлгілеумен, олармен жұмыс жасауға арналған қосымшаларды әзірлеумен және дамытумен мамандандырылған ұйымдар айналысады, атап айтқанда, АҚШ-тың Энергетика департаментінің “Ұлттық жаңғыртылмалы қуат көздері зертханасы” (NREL), Жаңғыртылмалы қуат көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA), ММУ “География” факультетінің жаңғыртылмалы қуат көздері зертханасы, Германияның Аэроғарыш орталығы (DLR) және т.б.

Атлас ҚР Энергетика министрлігінің және БҰҰДБ ұйымының “Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруда және “Жасыл көпір” серіктестік бағдарламасын институттандыруда қолдау көрсету” жобасының шеңберінде жасалды.

Жоба мақсаты - Қазақстанға “Жасыл экономикаға” көшу тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыруға күн энергетикасын, орнықты балық шаруашылығын және суда өмір сүретін тіршілік иелері әлемін дамыту үшін заңнамалық негіздерді, техникалық мүмкіндіктерді қалыптастыруға қолдау көрсету арқылы, сонымен бірге, “Жасыл Көпір” Серіктестік Бағдарламасына қолдау көрсету және оны дамыту арқылы қолғабыс ету.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды