- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның солтүстік аймағына ОҚО-ның 670 отбасы қоныс аударады
Қазақстанның солтүстік аймағына ОҚО-ның 670 отбасы қоныс аударады
«Еліміз бір, тұтас болғандықтан, жалпы мемлекеттің дамуына әр облыс өз үлесін қосуы қажет. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуалды ескере отырып, оңтүстіктен Солтүстік Қазақстан облысына Қостанай, Павлодар облыстарына көшіру мәселесін біз қолдаймыз. Бұл таразыны теңдестіру мәселесі, өйткені Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі 4,4 пайыз. Ал халқымыз 3 миллион, яғни бестен бір бөлігі деп айтуға болады», - деді әкім.

Демографиялық жағдай бізде жыл сайын артып келеді.
«Осыған орай, Сарыағаш, Мақтарал аудандарының әрқайсысында 350 мыңға жуық адам болғандықтан, қазірде күрделі жағдайлар туындауда. Енді, көшіруге байланысты бізде біршама салада жұмыс жүргізілуде. 670 отбасы – 2 мыңдай адам көшуге ниет білдірді. Оларға 4 облыстың әкімдері, фирмалардың басшылары келіп, түгел тізімін алып, олармен тікелей жұмыс істеуде», - деді Жансейіт Түймебаев.

Ол атап өткендей, бірінші кезекте әкімдіктер оларды баспанамен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру балалар бақшасына беру және мектептерге орналастыру жұмысымен айналысады.
«Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық жағдайға байланысты кейбір мектептердегі жалпы адамдардың саны 6-10 баладан, қарасаңыздар үлкен қажеттілік бар. Сондықтан, бұл салада да біз тығыз жұмыс істеудеміз. Кеше ғана Павлодарда осыған байланысты мәжіліс өтті. Бұл саланы біз нәтижелі жұмыс деп есептейміз», - деп түйді спикер.
Айта кетерлік жайт, ОҚО еліміз бойынша халықтың демографиялық өсім бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр. Соңғы үш жылда халық саны шамамен 30 мыңға артты.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі үш жылдың ішінде аймақ толығымен электр энергиямен қамтылатынын хабарлады.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары