- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы дала ойындары» фестиваліне 600-ге жуық спортшы қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Ұлы дала ойындары» фестиваліне 600-ге жуық спортшы қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшыларымыз қатысуда. Фестиваль «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында қаланың орталық ипподромында өтіп, 600-ге жуық спортшыны жинады.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің алғашқы құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мәдениетіміз бен ұлттық кодымыздың сақталуына үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті. Соңғы екі жылдың ішінде Алматыда 5 айтыс, соның ішінде «Алтын домбыра» ақындар фестивалі өткізіліп, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығы, жаңа қолөнершілер орталығы, сондай-ақ Алматының мыңжылдық тарихы мұражайы ашылған.
«Биылғы жылдың соңына дейін алматылық ипподромда 89 бәйге өтеді, оның сыйлық қоры 80 миллион теңге. Қаламызда қазақ күресі бойынша «Алматы Барысы» және «Әлем Барысы» чемпионаттарының өткізілуі спорт сүйер қауым үшін үлкен сый болмақ», - деді Б. Байбек.



«Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалінде спортшылар спорттың 12 түрі бойынша, соның ішінде 4 км-ге тай жарыс, 7 км-ге құнанбәйге, 13 км-ге бәйге, 21 км-ге аламанбәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, қазақ күресі бойынша сайысқа түспек. Биылғы сыйлық қоры 24 млн теңгені құрайды.


Фестиваль қонақтарының назарына негізгі ойындардан басқа аушы құстар көрмесі, аңшы иттер тұқымдарының көрсетілімі, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұсынылмақ.


Еске сала кетейік, фестиваль 1930 жылы негізі қаланған және еліміздің ат жарысы-спорттық қоғамы үшін негізгі орын болып табылатын алматылық ипподромда екінші жыл қатарынан өтуде. Бүгінде ол ТМД-ның бес ипподромының қатарына кіріп, Орталық Азиядағы үздіктердің бірі болып табылады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы