- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті
Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті
«Осы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша жалпы экономика көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады, - деп Халел Мақсұтов облыс басшысының алдында есеп берді. – Егер өткен жылдың осындай уақыт мерзімімен салыстырар болсақ, жоспар 103% орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд. теңге. Ауданнан мемлекеттік бюджетке 365 млн. теңге түсті», – деп атап өтілген хабарламада.
Жетістіктерге жетуге облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықта орналасқан Теректі кентінің маңында салынған «Алтай-Полиметаллдар» ЖШС ірі кәсіпорнының іске қосылуы себепкер болып отыр. Аталмыш кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді. Жұмыскерлердің басым бөлігі жергілікті тұрғындар.
Естеріңізге сала кетейік, өндіріс ошағы 2016 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. Көктасжал руднигінде ашық тәсілмен құрамында мыс бар руда шығарылады. Жәнеде осы жерде байыту комбинатында мыс концентраты өндіріледі. Кәсіпорынның бір ерекшелігі – технологиялық процесстерде ішкі жану қозғалтқышынан толықтай бас тартуында. 2017 жылдың қаңтар – сәуір айларында жалпы сомасы 500 млн. теңгені құраған 1200 тонна концентрат өндірілген.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі