- Басты
- Жаңалықтар
- «Shymkent City» жобасының инфрақұрылымдық жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады
«Shymkent City» жобасының инфрақұрылымдық жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады
«Шымкент қаласын мегаполиске айналдыру күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Әлемдік практикадан белгілі болғандай, мегаполистерге жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары болуы тиіс. Шымкентке қатысты бұл көрсеткіштер мен индикаторлар әлі нақтылануда. Мысалы, қалада жеке меншік секторына жататын тұрғын үйлер саны 217 мыңды құраса (тұрғындардың 60,7%-ы, 560 280 адам), көп қабатты тұрғын үйлер саны небары – 2 042 ғана (тұрғындардың 39,3 %-ы, 362 720 адам)», - деп атап өтті әкім.
Ақпарат бойынша, жалпы Шымкент қаласында 923 000 адам бар деп есептеледі. Қазіргі уақытта «Shymkent City» жобасы іске асырылуда.
«420 гектар жерді қамтитын осы жобаға сәйкес, барлық негізгі инфрақұрылымдық жобалар ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Болашақта ол 70 мың тұрғыны бар тұрғын үй ауданына айналады», - деді спикер.
Сондай-ақ, Қошқар ата өзенінің бойында және ескі қалада орналасқан ескі үйлердің орнына әкімдік жаңа заманауи көп қабатты үйлер салады.
Жансейіт Түймебаев «Шатқалдар» жаңа бағдарламасы туралы да айтып өтті.
«Республикадағы жасыл көшеттердің саны халық басына шаққанда 10 ш. м, ал Шымкентте 3 ш. м құрайды. Сондықтан, облыстық әкімдік алғаш рет «Шатқалдар» бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ, жоспарланған 16 қоғамдық демалыс орнының 5-уі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала айналасында жасыл белдеу құру мақсатында 5064 гектар жерде көшеттер отырғызылды. 2021 жылға дейін олардың санын 20 мың гектарға дейін көбейту жоспарланып отыр», - деді өңір басшысы.
Еске сала кетейік, баспасөз конференциясында әкім тұрғындарды электр энергиясымен, табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейлері туралы да айтып өткен болатын.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары